Ордабасы ауданында қыш зауыты мен көкөніс сақтау қоймасы бой көтермек

244

Ордабасы ауданында биыл желтоқсан айында «Индустриаландыру картасы» аясында 2 жоба жүзеге асырылады.

Жаңа жобаға сәйкес, тәулігіне 120 мың қыш өндіретін зауыт салынбақ. Жаңа озық технологиямен жабдықталған «Bokei» қыш зауытының жобалық құны 2 млрд. 600 млн. теңгені құрайды.

Кәсіпорында 60-қа жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Аталған қыш зауытының қуаты тәулігіне 120 мың дана болмақ. Тағы бір жобаға сәйкес «Александровский сад» көкөніс сақтау қоймасы ашылады.көкөніс қоймасы Нысанның жалпы құны 800 млн. теңгені құрайды.

Шынар Оразова