Шымкент: 50 абонент жарықсыз отыр

35
фото 24.кз

2021 жылғы 17 қараша күні сағат 10-00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (жел екпіні 25 м/с дейін, қар, жаңбыр) электр желілері үзіліп, кеңінен электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілді.

Нәтижесінде 14700 абонент электр қуатынсыз қалды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен осы күні 7491 абонент қосылды. (жоюға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен 16 бригада, 59 қызметкер және 11 бірлік техника жұмылдырылған).

18 қарашадағы жағдай бойынша 09-00-де «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен (16 бригада, 59 қызметкер және 11 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 7159 абонент электрмен жабдықтауға қосылды. Қазіргі таңда 50 абонент электр қуатынсыз қалып отыр, бұл жағдай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС күшімен сағат 13-00-ге дейін қалпына келтіріледі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.