«Тұрғын үйдің сапасы жоғарылайды»: Шымкентте талап күшейтілді

200

Шымкентте биыл 33 кредиттік, 6 арендалық көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі. Қалалық құрылыс басқармасы бұл пәтерлердің сапасы жоғары екеніне сенімді.

Кемшіліктің 99 пайызы құрылыс алаңында анықталып, дер кезінде жойылуы керек деген басқарма басшысы сапаны бақылайтын мекемелерге қатаң талап қойылып жатқанын жеткізді. Яғни, оларда арнайы лабораториялық құрылғылары болуы керек дейді. Сондай-ақ, мердігер мекемелердің де жауапкершілігі артқан.

Әбілсейіт Рабаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Сапа жағынан айтылып жатқан сынды ескеріп жатырмыз. Бұл тұрғын үйлердің барлығына баяғыда 3 жылдық кепілдік мерзім болса қазіргі таңда осы мердігер мекеме тарапынан берілетін кепілдік мерзімі 5 жылға дейін өсті. Мен ойлаймын, алдағы уақытта біз осы сапаға деген сынның жойылуы бағытында едәуір көрсеткішке қол жеткіземіз»

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева