Үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған…

115

12-қарашада Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелет жасына толмаған қызы үйінен шығып, қайта оралмағандығы жөнінде арызданған.

Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасына тапсырды.

Тәртіп сақшыларының жедел қызметіне риза болған қыздың анасы алғысын білдіріп, полицейлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын балаларына бас-көз болуға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі