Жігітімен жанжалдасып қалған қыз көпірден секіріп кетпек болған

168

Шымкенттік полицейлер өмірімен қош айтыспақ болған қызды аман алып қалды. Ағымдағы жылдың 27-қарашасында сағат 17:00 шамасында полицияға 102 арнасы арқылы Темірлан тас жолы бойында орналасқан көпірде бойжеткеннің өзіне-өзі қол жұмсап, секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кезекші бөлімнің инспекторы осы уақытта аталған аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлерін хабардар етті.

Жедел әрекет етіп, оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің 10-рота қызмет инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Абенов көпірдің жақтауында тұрған қызды көреді. Полиция қызметкерлері қыздың назарын аудару мақсатында, онымен диалог құра бастайды. Осы сәтте полицейлер қызды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Ары қарай тәртіп сақшылары жедел жәрдем көмегін шақырды.
Бойжеткенмен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Тексеру барысында оның бұл қадамға баруына жігітімен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды.