Әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі енгізілді

89

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында  ел аумағындағы  барлық әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі енгізілді.Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлайды.

Аталған қызметтің арқасында ішкі рейстердегі жолаушылар жеке мәліметтерін растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық куәлігін көрсетуге мүмкіндік алды.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы «цифрлық құжаттар» қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау керек.

Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Шынар Оразова