Úı ANONS Әуежайда не боп жатыр?

Әуежайда не боп жатыр?

фото damu.kz

Қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамдық орындарда мазалаудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп әуежай аумағында рейдтік іс-шара өткізді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабын (қоғамдық орындарда тиісу) бұзу деректері анықталды.

Тіркеусіз және тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды тасымалдау қызметтерін табандылықпен ұсынған тұлғалар әшкереленді.