Балалар үйінің басшылығы қазынаға 51 млн. шығын келтірген

168
фото мәлім.кз

Түркістан облысында балалар үйінің басшылығы мен қызметкерлері мемлекет қаржысын талан-таражға салып, қазынаға 51 млн. теңге шығын келтірген. Барлығы 8 мекемеге қатысты 6 іс қозғалған.

Мекемелердің үш жылдық жұмысын тексеру барысында ондағы басшылардың тамақтан бастап тұрмыстық заттардан, тіпті көмірден де пайда тапқанын анықтаған. Күнделікті тұтыну тауарларын қымбат бағамен көрсетіп, сапасы төмен азық түлік пен тұтыну заттарын алып келген. Ал қарттар үйінде көмірді артығымен алғанымен, қыста мардымсыз жылу берген. Қазір бұл мекеменің директоры мен есепшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

 Нұрдәулет Ергешов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы: «Бір қаламды 100 теңгеден алудың орнына 900 теңгеден алып отырған. Жөндеу жұмыстары кезінде де сапасыз материалдарды қолданып, оларды қымбат бағамен көрсетіп отырған. Ал қарттар үйінің директоры мен есепшісі 38 млн. теңгені жымқырғаны үшін тергеліп жатыр. Олар тіпті қылмыстық істі жауып тастау үшін пара ұсынып, ол бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуда».

Шынар Оразова