Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша биыл табысы артпағандардың жалақысын жаңа жылда көтеру көзделген. Оларға мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар,
орманшылар және техникалық қызметкерлер жатады. Барлығы 588 мың адам. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңге болатыны белгілі. Бұл барлық саладағы әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін бір миллион 600 мың адамның табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев келер жылдан бастап ветеринарлардың
жалақысы 68 пайызға өсетінін мәлімдеді.
Шынар Оразова