Мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды

84

Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында 112 нысан сатылымға қойылды.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», — деді министр. Оның дерегінше, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды. «16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Шынар Оразова