Қазынаға мұнайдан түсетін ақша көбейеді

97

2022 жылы бюджетке мұнайдан түсетін ақша көбейеді. Өйткені, қара алтын өндірісі 2 миллион тоннаға артпақ. Яғни,  биыл 85 миллион өндірілсе, келер жылы 87-ге жеткізу көзделген.

Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында тағы бір жоба іске қосылғалы жатыр. Нәтижесінде,  экспорт көлемі де артады. Алдағы жылы 67 млн. тонна қара алтын сыртқа сатылмақ. Қалғаны жергілікті мұнай өңдеу зауыттарына қажет.

Айта кетейік, қазір бренттің бағасы 79 доллар.

Шынар Оразова