Шағын және орта бизенске арналған жеңілдіктер

200

Шағын және орта бизнеске жеңілдіктер .

Екі жылда бизнестегі тексерулер саны 4 есе қысқарды. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, биыл Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі тапсырмасын орындау үшін ведомство төрағасының 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібін бекіту туралы» № 127 бұйрығы қабылданды», – деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары: «Кейінге қалдыру мерзімі ШОБ субъектісінің таңдауы бойынша 30-дан 90 күнге дейін болды. Қарыз алушының өтінішінде төлемдерді кейінге қалдырудың өзге мерзімі көрсетілуі мүмкін. Кейінге қалдыру кезеңінде қарыз алушыға қатысты талап-арыз жұмысы, мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабарлама, сондай-ақ кредитордың комиссиялық және өзге де төлемдерді алуы тоқтатылды. 2021 жылы екінші деңгейлі банктерге 603 қарыз алушы ШОБ субъектілерінің қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтініш берген. «Оның ішінде 553 ШОБ субъектісі 9,7 млрд теңге соманың несие төлемін кейінге қалдыруға мүмкіндік алды. Микроқаржы ұйымдарына 131 ШОБ субъектісінен өтініш түсіп, 95 нысанның 105,8 млн теңге көлеміндегі несие төлемінің уақыты шегерілді».

Шынар Оразова