10 қаңтар күнгі 09:00-дегі жағдай бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд .теңгеден асты, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан мәліметке сай, елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары:
сауда – 1245;
қоғамдық тамақтану – 25;
қаржы секторы – 37;
логистика – 9; БАҚ – 2.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд. теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.