Мемлекеттік басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендету көрсеткіші енгізіледі – Тоқаев

105

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында кедейлікпен күрес жөніндегі жоспарын таныстырды. Соның ең бастысы әлеуметтің әлеуетін көтеру. Халықтың табысын арттыру үшін атқарылар шаруа көп екендігін айтып өтті.

«Азаматтардың бақуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Санмен ойынды қойып, нақты істерге көшетін кез келді. Мемлекеттік аппарат көп жағдайда «өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтушылар», «ресми емес жұмыспен қамту» сияқты терминдермен бүркемеленуді жақсы көреді.  Әлеуеметтік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатпен мынадай шараларды қабылдаған жөн. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудың нақты көрсеткіштерін бекіту қажет», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.