Самат Нұртаза: «Кедендегі ақша заңсыз топтардың қалтасына кетіп жатыр»

87

Мемлекет басшысы Қытаймен шекарадағы бейберекеттікті реттеуді тапсырды. Кеденде тәртіп орнаса, бюджет кірісі артар еді. Өйткені екі ел арасынан өтетін көліктер тексерілмей, баж салығы төленбей жатқан фактілер бар. Мәселе бір-екі теңгенің шаруасы емес. Милиардтаған қаржының сайда саны, құмда ізі жоқ.

Саясаттанушы Самат Нұртазаның  Харгос кеден сауда орталығына  қатысты айтылған сөзі. «Ол жерде, әсіресе жергілікті халық біледі, көптеген нәрселерді. Президент айтқандай, Камаздар тексерілмейді. Миллиондаған, милиардтаған тауар салық төлемей, әрі-бері жүр. Қытай мен Қазақстанның есеп беруінің арасында кәдімгідей айырмашылық бар. Сондықтан ол ақша кейбір адамдардың, заңсыз топтардың қалтасына кетіп жатыр» -дейді саясаттанушы.

Шынар Оразова