Қалалық клиникалық №1 ауруханада 25 жасар науқастың миына қатерлі ісік біткені анықталады. Науқасты үнемі бас ауыру, бас айналу мазалаған.
Ми ісігін микрохирургиялық жолмен алып тасталды. Бұрын бұл операцияларды астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығынан шақырылған мамандар жасаса, қазір өзімізде жасалады.
Операцияны №1 қалалық аурухананың нейрохирургия қызметінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, өткен жылы Шымкентке көшіп келген мықты маман Еркін Медетов жасады.