Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 800-ден астам күдіктінің 85-і босатылды

165

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған 800-ден астам күдіктінің 85-і тергеу изоляторынан босатылды. Дегенмен ол азаматтар әлі де күдікті деп танылады. Аталған 85 күдіктінің ішінде 18 жасқа толмағандар мен әйелдер де бар.

Қазіргі таңда Алматыда – 68 адам, Алматы облысында – 9, Шымкентте 8 адамды қамауда ұстау, бұлтартпау шарасы өзгертіліп, бостандыққа шыққан. Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде 800-ден астам адам сот санкциясымен қамалып, 2 жарым мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Жазықсыз азматтардың істі болмауы мақсатында құрылған «Аманат» комиссиясы елдің 6 өңірінде жұмыс істеп жатыр.

Адвокаттар тергеу изоляторындағы күдіктілерді ұрып-соғып, азаптаған қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтты.

АБЗАЛ Құспан, «Аманат» комиссиясының төрағасы, адвокат: «Орталық органдар арқылы жұмыс жасаған тиімді деп шештік. Яғни, бас прокуратурамен жұмыс жасау. Алдымыздағы аптада Парламент депутаттарымен кездесуді жоспарлап отырмыз. Яғни, осы мәселеге байланысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты біздің ұсыныстарымыз бар».

Гүлдана Дәурен