Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекетінде Қазақстаннан Ауғанстанға аса ірі көлемде өсімдік майын өткізбек болғандар ұсталды.
Шетел асып бара жатқан көліктерді тексеру кезінде 9 жүк көлігінен өсімдік майы табылды. Контрабандалық тауардың құны 97 миллион теңгеден асады. Қазір Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша Аумақтық департаменті қылмыстық іс қозғап, жүргізушілер тергеліп жатыр.
Шынар Оразова