Шымкентте автобус айдайтын жүргізушілер жетіспейді

181

«Южавтотранс» қауымдастығы дабыл қағуда. Шымкенттегі қоғамдық көлік компанияларына жүргізушілер жетіспейді. 10-15 жылда «Д» категориялы мамандар дайындалмағанын алға тартқан қауымдастық төрағасы бұл мәселеге қатысты ұсыныстарын тиісті сала министрліктерге жібергенін айтады. Бұндай мәселе тек Шымқалада ғана емес республикадағы өзге өңірлерде де байқалады,- дейді.

 

Шымкентте 9 көлік компаниясы 77 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды. № 74, 35,27, 169,37 жалпы 16 бағыт бойынша жолаушыларға қызметті жақында құрылған серіктестік көрсетеді. Мамандар, парк жаңа автобустармен,  қала газ құю бекетімен қамтылған, алайда бізде жүргізушілер тапшы,- дейді

Аманкелді Пешентаев, көлік компаниясының бас инженері: «Ең күрделі мәселе – жүргізушілер жетсіпейді. Мына автопарктен 10 бағыт бойынша 120 автобус   шығады, жолаушыларды тасымалдайды. Тағы бір күрделік, «Д» категориясы бар  автобус жүргізушілер  әр 10 жылда тексеруден өтіп, деңгейін көрсетуі шарт. Тексеру  біраз уақытты алады. Ол біразға созылса біз қиналып,  автобустарды бағытқа шығара алмаймыз».

Өздеріңіз байқағандай, жаңа автобустар жолаушыларды тиісті бағыттарда тасымалдауда. Жаңаланған қоғамдық көліктер бойынша Шымкент республикада екінші орында.

Дархан Каюпов, «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы: «Шымкентте  қоғамдық көлік компанияларына  500-600 дей  жүргізуші жетіспейді. «Д» категориясы бар жүргізушілер, тек біздің Шымкентте емес, бүкіл республикада тапшы. Соңғы 10-15 жылда автомектептер «Д» категория жүргізушілерін  дайындаймайды. Ол бойынша үкіметке, ІІД -ға ұсыныспен шықтық».

Көлік компаниялары басшылары да кадр тапшылығы мәселесі жоғарыда тез арада шешімін таппаса, бағыттарды толық қамту қиынға түседі,- дейді.

Шынар Оразова