Шымкенттіктер кез келген қалалық ХҚО-да жылжымайтын мүліктерін тіркей алады

137

 

Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген ХҚО-да жылжымайтын мүлікті, кепіл шартын, жалға алу шартын, мүлікке тыйм салуды тіркей алады. Бұрын жылжымайтын мүлікті орналасқан ауданға қарасты ХҚО-да ғана тіркеу мүмкін болатын.

Бұл экстерриториалдылық принципін енгізу арқасында мүмкін болды. Жылжымайтын мүлік орналасқан ауданға қарамастан, құқықтарды кез келген бөлімде тіркеуге болады .Бұл жаңашылдық 2022 жылдың ақпан айынан бастап қолжетімді.

«Эксаумақтық қағидаты азаматтар мен бизнес өкілдері орналасқан жерінен өзге аумақтағы жылжымайтын мүлікпен мәміле жасасса, олардың уақыты мен қаржылық шығындарын айтарлықтай азайтады. Бұл қызметті пайдалану үшін меншік иелерінің тек меншік құқығын растайтын құжаттары немесе иеліктен шығару құжаттары болуы қажет. 2022 жылдың басынан бері мүлікті тіркеу қызметін 12 мыңнан астам клиент пайдаланған», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабеков.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО-да жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін жедел төлем жасау мүмкіндігін іске асырған болатын. Қызмет ақылы. Құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде қызмет көрсету уақыты – 1 жұмыс күні.