Утильалым: Мөлшерлеме 50 пайызға төмендейтін болды

80

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді7

«Мөлшерлеме 50 пайызға төмендейтін болады. Алдағы уақытта мұнан ары да төмендету қажет пе немесе арттыру қажет пе деген мәселені қарастыратын боламыз. Бірақ, қазір осындай шешім қабылданып отыр. Сондықтан бізде фейк автоөнеркәсіп, фейк ауыл шаруашылығы машиасын жасау дейтін барлық сөзді доғару қажеттігіне түбегейлі сенімдімін. Қандай да бір ерекше пікір мен бұрмау, қоғамдық пікірді бұрмалауға тырысу бар екендігіне қарамастан отандық өнеркәсіпті дамыту жұмысын жалғастыра береміз. Өзіміздің өнеркісіпті дамытуға және еліміздің, экономикамыздың игілігі үшін жұмыс істеуге ниеттіміз», деді вице-министр.

Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарына да тоқталды. Жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд. теңге бөлінеді екен.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: «Жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарнасы 0 пайызды құрайды. Мерзімі – 7 жыл. 20 пайыз бастапқы жарна және жылдық 4 пайыз болатын қазіргі жеңілдетілген бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменттік көліктердің қымбат емес автомобильдер екені анық. Осылайша, 71 мың азаматымыз жаңа көлікті қолжетімді бағамен және қолжетімді несие ресурстарымен сатып ала алады».

«Сұхбат» бағдарламасы барысында бірінші вице-спикерге: «Сіздің пікіріңізше, автосалондарда неге көліктер жоқ? Тапшылық жасанды түрде жасалған сияқты көрінеді», – деген сауалға Роман Скляр еліміздегі автосалондарда көлік тапшылығы бар екендігін жасырмады.

«Иә, өкінішке орай солай. Автосалондарда отандық, сондай-ақ шетелде құрастырылған автомобильдер тапшы. Бұл жеңіл автокөліктерді құрастыру барысында қолданылатын электронды чиптердің тапшылығымен байланысты екені белгілі. Жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Меніңше, жағдай өз арнасына түседі және келесі жылдан бастап отандық та, шетелдік те автомобильдер жеткілікті болады деп күтеміз», – деді бірінші вице-премьер.

Шынар Оразова

 «Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз. https://t.me/OtyrarQaz