Жеке азаматтардың аударымдарына салық салынады ма?

150

Салық кодексіне, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және адал бизнесті қолдауға бағытталған түзетулер басталды. Заң жобасының талқысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банктер белсенді қатысты.

Құжатта қарапайым азаматтардың аударымдары мен кәсіпкерлердің коммерциялық төлемдерінің аражігі ажыратылып, жеке-дара қарастырылатыны айтылды. Мұны Қаржы министрлігі бірнеше рет растап, жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын жариялады.

Ал «Мобильді аударым» және «Мобильді төлем» ұғымдарының арасындағы айырмашылық салық декларациясында кәсіпкерліктен түскен табысты көрсетуге мүмкіндік береді деп нақтыланды.

Шынар Оразова