Әлеуметтік төлемдер қайта индексацияланады ма?

112

Теңге әлсіреп жатқандықтан, жәрдемақы мен зейнетақыны соған сай өсіруге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, 2022 жыл үшін барлық әлеуметтік төлемдерді индексациялау жүргізіліп қойған. Доллар бағамы өзгергендіктен, оны қайта қарау мәселесі қазір күн тәртібінде жоқ,- деді.

Десе де, министрдің айтуынша арнайы жедел штаб бар. Олар қазіргі ахуалды зерттеп, бәрін бағалап отыр. Сол үшін әлеуметтік төлемдерді қайта индексациялау мәселесін ашық қалдырған жөн деді Шәпкенов.

Шынар Оразова