Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, еліміздің барлық өңірлері «жасыл» аймақта! Осыған орай короновирус таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.
Мысалы, енді медициналық мекемелерден басқа жабық орындарда да бетперде кимеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, дәрігерлер бетпердені тек ауруханада ғана емес, қоғамдық көлік пен көп адам жиналатын орындарда да тағуға кеңес береді.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады:
-үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;
-медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;
-адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;
-білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Жаңа өзгерістер вацинация ережелеріне де әсер етті. Енді файзер вакцинасы барлық адамға қолжетімді. Айта кетейік, бұрын файзер екпесін тек балалар, жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, мүгедектігі бар жандар мен және 50 жастан асқан адамдар ғана салғыза алатын еді.
Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын адамдар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
-бастапқы вакциналаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
-түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
-шетелде алған вакциналау курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
-COVID-19 вирусына қарсы ревакцина алушы барлық топтағы адамдар.
Гүлдана Дәурен