Қаратау ауданының әкімі қызметінен кетті

141

Абзал Әліқұлов денсаулығына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды ОТЫРАР. Ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат және жастар басқармасы растады.

Абзал Әліқұлов 2019 жылдың тамыз айынан бері Қаратау ауданының әкімі қызметін атқарды. Оның орнын кім басатыны әзірге белгісіз. Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымы бос.

Еске салайық, Абзал Әліқұлов оңтүстік мегаполис әкімдігі құрылымына алғаш рет 2008 жылы келген. Әр уақыттарда Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Одан әрі 2012 жылы Арыс қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, жастар саясаты, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарды.

2018-2019 жылдары «Түркістан» кеден бекетінің басшысы қызметін атқарған.