SHYM AUTOCENTRE-ДЕ ашық есік күні өтті

95

SHYM AUTO автосалонында Chevrolet маркалы автокөлігінің иелері мен жанкүйерлері үшін ашық есік күні өтті. Наурыз мейрамына орай Шымкенттегі автосалон қонақтары арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, келушілерге сый-сияпат тарту етілді. Сондай-ақ, келушілер автокөліктердің түрлері және оны сатып алудың тиімді шарттарымен танысып қайтты.

Шевролет дилерлік орталығында мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде ерекше ұйымдастырылды. Мұнда қонақтарға арнайы ойын-сауық бағдарламасы құрылып, келушілерге ұлттық тағамнан дәм тату бұйырды. Сонымен қатар, түрлі қызықты сайыстар ұйымдастырылып, бағалы ұтыстар ойнатылды.

Испандияр Наджафалиев, «Chevrolet» дилерлік орталығының сату бөлімі менеджері: «Бүгін біздің дилерлік орталықта наурыз мерекесіне орай ашық есік күні өтуде. Біздің клиенттер және қонақтар орталығымызға келіп, Шевролет желісімен таныса алады. Сондай-ақ, Наурыз мейрамына арнап жайылған мерекелік дастарханнан дәм татуға болады».

Автосалон қонақтарына Chevrolet автомобильдерінің модельдік қатары таныстырылды. Ал мұндағы ең тиімді ұсыныстың бірі – Chevrolet Trailblazer жаңа моделін сатып алу. Аталған автомобиль – қолжетімді жол талғамайтын көліктің бірі. Сатып аламын деушілерге жаңа автокөлікті қолма-қол және Еуразиялық банк арқылы 2 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Испандияр Наджафалиев, «Chevrolet» дилерлік орталығының сату бөлімі менеджері: «Бұл автомобильді аламын деушілерге 10 пайыздық бастапқы жарна арқылы екі жылға бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Ең бастысы – пайызсыз. Сондай-ақ, аталған автомобильді 10% және одан жоғары 7 жылға дейінгі стандартты несиелеу арқылы ресімдеуге болады».

Ал көліктердің бағасы қолжетімді. Салондағы автомобильдердің модельдік қатары 3 990 000 теңгеден басталады. Сондай-ақ, автокөліктерге 100 мың шақырым жүріске дейін немесе үш жыл мерзімге кепілдік беріледі.

Назмина Сұлтанова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бүгін мен Шымкент қаласындағы Шевролет орталығына өзіме көлік таңдауға келдім. Мұнда маған менеджерлер көлікті таңдауға көмектесуде. Банктің шарттары өте тиімді, бұл біз үшін өте ыңғайлы. Оның үстіне біз Наурыз мейрамына тура келдік. Бізді өте жылы қарсы алды. Қонақтарға арналып дастархан жайылған. Уақытты өте керемет өткіздік».

Егер Chevrolet брендінің автокөлігін сатып алғыңыз келсе, Темірлан тас жолы 205 мекен-жайында орналасқан Shym Auto Centre автосалонына асығыңыз.

Ал қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны 39 39 00