Шымкентте дәмхана алдында жанжалдасқан жігіттерден қару табылды

74

Шымкентте дәмхана алдында жанжалдасып қалған екі жігіттен қару табылды. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын қаладағы дәмханалардың бірінің алдында бір топ жігіттер жанжалдасып, бұзақылық жасап тұрғаны бойынша шағымданған.

Тексеру нәтижесінде олардан суық қару табылды. Аталған жайт Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегі арқылы анықталып, оқиға орнына патрульдік полиция полкінің екінші рота қызметкерлері шұғыл жеткен. Бұзақылық жасаған жергілікті екі тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген.

Қазіргі таңда азаматтарға қатысты қылмыстық кодекстің 293 бабы яғни, атыс қаруын, газ қаруын, пышақты кастет және басқа да қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа заттарды қолданумен немесе қолдануға тырысумен жасалған бұзақылық бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Әлихан Файзханов