Елімізге шетелден жұмысшыларды тартуға бөлінетін квота саны азаймақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша биыл ол 28 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарады.
Бұл ішкі еңбек нарығын қорғап, өз азаматтарымыздың жұмыспен қамтылуы үшін жасалып отыр. Айта кетейік, қазір елімізде 16 мыңнан астам мигрант бар. Оның басым бөлігі қытайлықтар. Одан кейін Түркия, Үндістан, Өзбекстан және Сербия азаматтары.
Шынар Оразова