Әлеуметтік нан бағасын 90 теңгеден асырмау жөнінде меморандум дайындалуда

191

Елімізде өңір әкімдіктерімен әлеуметтік нан бағасын 90 теңгеден асырмау жөнінде меморандум әзірленуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Назгүл Хатепова мәлім етті.

Қазір азық-түлік корпорациясында бар бидаймен ішкі нарықты қамту шарасы жүріп жатыр. Бүгінде бидай тоннасының орташа бағасы — 150-160 мың теңге, ал корпорация бағаны түсіріп, тоннасын 90 мың теңгеге сатып жатыр. Осылайша, өңірлерге арзан бағамен 36 мың тонна бидайды жеткізу жұмысы басталып кетті. Өңір әкімдіктерінен бізге келіп түскен өтініштерге сәйкес, қаңтардан қыркүйекке дейінгі арзан бидайға деген сұраныс — 275 мың тонна», — деді Назгүл Хатепова.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің айтуынша, нан бағасын белгіленген межеде ұстап тұру жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.Елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу қойылды.

Шынар Оразова