Қазақстанда қант экспортына тыйым салынбақ

124

Қазақстан қант экспортына тыйым салмақ.

Мұндай бұйрықтың жобасын сауда және интеграция министрлігі әзірледі. Құжат 4-ші  сәуірге дейін қоғамның талқылауына ұсынылды. Егер қабылданса,  қантты шекара асыруға алты айға шектеу енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей шекерді шекара асыруға тыйым салған еді. Бізде қанттың бағасы күрт  қымбаттады. Министрліктің мәліметіне қарағанда елдегі қоймаларда үш айға жететін қант қоры бар. Оны молайту үшін Қазақстан қант шикізатын жеткізушілермен жан-жақты келісімді бастады. Себебі, тамыздың соңына дейін 250 мың тонна қантты кеден салығынсыз кіргізуге мүмкіндік бар.

Кейінгі бір айда Транскаспий халықаралық бағдары бойынша жүк тасымалы 218 пайызға  артты. Өсімге Ресейге салынған санкциялар әсер еткен. Қазақстан тауар тасымалын тежемеу үшін жаңа жолдарды қарастырып жатыр. Соның бірі Каспий теңізі арқылы. Жыл соңына дейін мұндағы порттан тиелетін жүк көлемі үш есе көбейюі мүмкін,- дейді мамандар.

 

Қазіргі таңда 25 келі құмшекердің бағасы бүгін 5650 теңге