Үкіметте шетелге кеткен капиталды қайтару тетігі пысықталды.
Оған сай валюталық түсімнің 80% айырбас жасалған жағдайда қайтаруға ұсынылған қосымша құн салығы сомалары жеңілдетілген тәртіппен өтелуі мүмкін. Ал резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктер жойылады. Дәл осындай ұсыныстарды арнайы жұмыс тобы әзірлейді.
Әзірге «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңды жетілдіруге бағытталған нормалар дайын. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар Мемлекет басшысына жолданатынын жеткізді.