Шымкентте өртеніп жатқан пәтерден әжейді алып шықты

73

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында Ш. Уәлиханов көшесінде таңғы 3:30-да көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтер ішінде тұрмыстық заттар мен пластик терезелер жанып жатқан.

Тілсіз жау жалмаған пәтерде 79 жастағы әже болған. Ол өз бетімен далаға шыға алмаған. Өрт сөндірушілер оны қауіпсіз жерге алып шықты.

Өрт 18 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 22 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге 5 бірлік өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 17 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.