16 мамырдан бастап Адырбеков көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіледі

79

16 мамыр және 1 шілде аралығында Адырбеков көшесінде қайта құру құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылысқа сәйкес Ғ. Иляев және Тауке хан даңғылы аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

Ал 31 мамырдан 15 шілдеге дейін Тауке хан даңғылы мен Түркістан көшесі аралығы жабылады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер, нақтырақ айтсақ №122, №147, №150 автобус бағыты аталған бөлікте Ташенов көшесі арқылы ұйымдастырылады.

Гүлдана Дәурен