Шымкент: Адырбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

149

Шымкентте Адырбеков көшесінің Төреқұлов және Иляев көшелері аралығындағы бөлігі уақытша жабылады

«2022 жылғы 6 сәуірден және 17 мамырға дейін Адырбеков көшесінде қайта құру құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында Төреқұлов және Иляев көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Көлік жүргізушілері бағыттарын мына схемаға сәйкес үйлестіре алады.

Сондай-ақ, №122, №147, №150 қоғамдық көлік бағыттары аталған бөлікте Ташенов көшесі арқылы жүреді», – делінген Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан хабарламада.