16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие беру басталды

117

16 мамырдан яғни бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесие беру басталды.
Жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жылда бір рет беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, несиенің бірнеше шарты бар.

— сыйақы мөлшерлемесі 4%;
— несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек; — қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
— бастапқы жарна 0%-дан бастап;
— көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.

Айта кетейік, несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

Жанерке Хумар