Елге заңсыз жолмен ресейлік ұнды тасымалдау белең алып келеді. Бұған шаруалар алаңдаулы. Бұл ішкі нарыққа тиімсіз үрдіс.
Қазақстандықтар арзан бағаға алданып, отандық өнімге сұранысты азайтуы мүмкін. Жалпы бір жылда елдегі ұн бағасы 23 пайызға өскен. Бұл – ТМД аумағындағы ең үлкен көрсеткіш. Бірақ өндіріс қарқынды.
Қаңтардан бері 1,2 млн тонна ұн өндірілді. Оның 400 мыңы Қостанай өнімі. Мұндағы өсім 10 проценттен асқан. Мамандар отандық ұнмен ішкі нарықты толық қамтып отыр. Бірақ импортқа тәуелділік азаяр емес. Тіпті, сұраныс 24 пайызға артып кеткен.
Экспорт үлесі 36 процент артып, 468 мың тоннаға жетті. Бұл – 180 млн доллардың өнімі. Өкінішке қарай, отандық өнімді тұтыну үлесі азайып барады.
Шынар Оразова