Мемлекеттік сатып алу : Тапсырыс берушілерге талап күшейтілді

80

Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықты жою үшін, тапсырыс берушілерге талап күшейтілді. Яғни, сатып алуды тек бір көзден жүзеге асырмауы тиіс. Бұл жемқорлыққа жол ашады және бәсекелестікті төмендетеді.

Қаржы вице-министрінің айтуынша тендер тиімді шарттар ұсынатын кәсіпкерлерге берілуі керек. Сол үшін былтыр бір көзден сатып алу 69 пайыздан 39 пайызға азайтылған. Биыл тағы 20 пайызға қысқарту көзделіп отыр.

Ол үшін тапсырыс берушілерге бірнеше талап қойылды. Біріншіден, бір көзден сатып алатын болса, арнайы түрде веб-порталға баяндамасын жасап, неге бір көзден сатып алады соны түсіндіреді. Және тапсырыс берушінің бірінші басшысы сол баяндамаға қол қояды. Яғни, бір көзден сатып алғаны үшін өзіне жауапкершілік алады.

Шынар Оразова