Қазақстанның әуе кеңістігін кімдер қорғайды?

36

Қазақстанның әуе кеңістігін кім күзетеді? Шымкенттегі әскери әуе базасы тікұшақтар, жойғыш ұшақтар және басқа да техникалармен қаруланған. Әріптесіміз құпия нысанды аралап, әскерилердің қалай өмір сүріп жатқанын, ең бастысы, Қорғаныс министрлігінің қарулы күштері қажет болған жағдайда жауға қарсы тұруға қаншалдықты дайын екенін анықтады.

Шымкент әскери әуе базасының аумағына кіру қиын. Орталықты алыстан суретке түсіруге ғана рұқсат етілген, көптеген ақпарат құпия болып саналады. Бұл әуе базасының құрылғанына 70 жылдан асты, осы уақыт ішінде әскери бөлім жауынгерлері тек аспандағы ғана емес, жердегі де қауіпсіздікті қадағалайды.

Бұл жауынгерлік машина түнде ұшуға арналған, тек ұшып қана қоймай, нысанаға дәл тигізуге қабілетті. Авиациялық база аумағында осындай бірнеше тікұшақтар бар. Экипаж командирі Мұстафа Асқаров әуе көлігінің ешқашан қиын жағдайда қалдырмайтынына сенімді. Себебі ол сағат механизмі сияқты жұмыс істейді.

Мұстафа АСҚАРОВ, МИ 35 тікұшағының экипаж командирі: «Бұл тікұшақ өте маңызды, ол тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа-райында ұша алады. Бұл жауынгерлік машина ең қиын жағдайда нысананы анықтауға қабілетті.

Тәжірибелі жауынгер, майор Марс Әлімбай әскери ұшқыштардың құрамы кез келген төтенше жағдайға дайын деп сендірді. Тікұшақтар мен жауынгерлер әрқашан өз істеріне берік. Әскери ұшқыштар алдын-ала арнайы дайындықтан өтіп, 24/7 миссияға сақадай сай тұрады.

Ал мына СУ 25 жойғыш ұшағын аспан сақшысы деп атайды. Шабуыл ұшағы аспандағы қорғанысты қамтамасыз етіп, жауға тойтарыс беру үшін жасалған. Жауынгерлік машина нұсқау берілген нысанаға шабуыл жасап, ең төмен биіктікте де ұша алады.

Ал төтенше жағдай әр кезде әр түрлі болады. Мәселен, қаңтар оқиғасы кезінде авиабазаның жауынгерлері қорғанысқа дайын тұрды, бақытымызға орай, әуе шабуылына қарсы күш қолдануға қажеттілік туған жоқ. Осы арқылы жауынгерлердің моральдық-психологиялық тұрғыдан бәріне дайын екенін көрсетті.

Мұнда өскелең ұрпаққа Қазақстанның тыныштығы қалай қорғалатыны үнемі көрсетіліп отырады, нәтижесінде кейбіреулердің әуе әлеміне деген қызығушылығы артып жатады. Ал мамандардың айтуынша – халық, елдің қорғанысына, қаіпсіздігіне алаңдамаса болады. Себебі, әуе базасының техникалары мен жауынгерлері кез келген төтенше жағдайда сақадай сай тұрады.

Әсел Мәлік