Сарыағаштық тұрғындар сасық иіске тұншығып отыр

109

 Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып отыр. Мұндағы отбасылық жатақхананың дәретханасы толып, әжеті бірнеше жылдан бері сыртқа ағып жатқан көрінеді. Салдарынан, қолқаны қабатын ащы иіс айналаны алып кеткен.

Сәуле Тыныбекова, Сарыағаш қаласының тұрғыны: «Мынаның бәрі нәжіс. 58 семьяның боқ-сідігі туалеттеріне симай тасиды осылай. Жылдар бойы қысы-жазы алысамыз біз осындай. Көшеде ағып жатады. Мына көшеде арық бар, соған барып қосылады. Балалар осы жерде ойнайды. Міне қотыр боп жатырмыз осыдан».

Жұрт «Титаник» деп атап кеткен отбасылық жатақхана тұрғындары даладағы дәретханаға барады. Бірақ, ол күл-қоқысқа толып, нәжіс сыртқа ағып жатыр. Тіпті лас су осы маңдағы жер үйлерге де жеткен. Ал, аузы-мұрнынан шыққан дәретхананы үнемі сорғызып тұруға тұрғындардың да қалтасы көтермейтін көрінеді. Ал жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар екен. Алайда олар да Сарыағашта кәріз жүйесі жоқ деп қол қусырып отыр. Сондықтан алдағы уақытта жатақхана тұрғындарына басқа жерден дәретхана салып беру мәселесі қарастырылып жатыр екен.

Ержан Әділов, «Сарыағаш тұрғын үй шаруашылығы» ЖШС басшысы: «Мына тұрған жатақхана қасынан жер сұрауға келіскенбіз. Жер мәселесінде септик бойынша. Егерде оны әкімі атынан жазылады ғой, менің атымнан емес. Қала әкімінің атынан жазылған. Соның жауабы келіп қалуы керек. Болмаған күнде және басқа қаралады ғой ары қарай. Және басқа жерлерді қарастыратын шығармыз одан кейін».

 Гүлдана Дәурен