Шымкенттік полицейлер жыл басынан алименттен жалтарған жеті азаматтан берешегін өндірді

0

Бала өмірі – қашанда басты назарда. 2022 жыл – Мемлекет басшысымен «Балалар жылы» болып белгіленді. Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімі жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 139-бабымен балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтарып жүрген 7 қылмыстық істі сотқа жолдады. Аталған жайттар бойынша тергеп-тексеру барысында борышкерлердің алимент қарыздары толық өндірілді.
Мәселен, төрт балалы ана күйеуінің төлеуге мүмкіндігі бола тұра төрт жыл бойы алимент төлемей жүргенін айтып, сот орындаушыларына шағымданған. Борышкерге бірнеше рет ескерту хабарламасы берілген, сондай-ақ азамат түсініктеме жазып, іс қағаздармен танысып, төлеуге міндеттенген. Алайда, ешқандай төлем жүргізілмеген. Осы жайт бойынша жеке сот орындаушысы борышкерді қылмыстық жаупкершілікке тарту туралы қаулы жіберген. Нәтижесінде берешек толығымен қайтарылды.
«Бүгін 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай барлық балаларды мерекемен құттықтаймын. Біз балалардың өміріне жауаптымыз. Әрбір бала – бақытты өмір сүруге құқылы. Сондықтан азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, Заң аясында белгіленген міндетті қаражатты төлеп отыруды сұраймыз. Балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға берешекті толық және уақыттылы төлеу маңызды, себебі ол баланың жарқын болашағына жол салады. Осы бағытта полиция тарапынан борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс белсенді түрде жүргізілуде», – деді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы полиция майоры Олжас Әлжанов.
QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі