Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тауар есебінің статистикалық айырмашылығы азайды

43

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тауар есебінің статистикалық айырмашылығы екі еседей азайды. Биыл бес айдың қорытындысы бойынша ол 27 пайыз болды.

Қаржылай есептегенде 1,4 миллиард доллардың тауары Қытайдан шыққан, алайда Қазақстанға кірмеген. Былтыр  бұл көрсеткіш  40 проценттен асатын. Яғни, Қытай кеден қызметінің есебінше, өткен жылы Қазақстанға жалпы сомасы 14 миллиард долларға тауар сатылған. Алайда Қазақстанның шекарасынан кірген тауардың құны 8,3 миллиард доллар ғана. 5,7 миллиард долллардың тауары  тізімі  жоқ. Осынша заттың қайда кеткені беймәлім.

Мемлекеттік кірістер комиетінің мәліметіне қарағанда мұның бірнеше себебі бар. Қытайдан келген тауар транзит арқылы өзге елдерге өтуі және Қытай тарапының бағаны жоғары көрсетуі. Сондай-ақ тауар тасымалдаушылар кедендік салықты аз төлеу үшін декларацияда әкелген затының құнын азайтып көрсетуі мүмкін. Осының алдын алу үшін 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай автокөліктермен өтетін тауарлар бойынша ақпарат алмасуға уағдаласқан.

Сондай-ақ 8 мыңнан астам тауардың құндық индикаторы бекітіліп, кедендік функциялар автоматтандырылды.

 

Шынар Оразова