Шымкентте Mercury автосалоны Ашық есік күнін өткізді

56

Mercury автосалоны Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары үшін ашық есік күндерін өткізді. Дилерлік орталық мерекелік атмосферада су жаңа Kia Sportage көлігін көрсетілімге шығарды. КИА-ның жаңа өнімін тамашалауға келген әрбір тұрғын көлікке отырып қана қоймай тұлпарды тест-драйвтан да өткізе алады.

Ұйымдастырушылар автосалонның кіре берісінен бастап келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал іште қонақтарға керемет дастархан жайылды. Бірақ баршаның назары мерекенің басты иесі су жаңа Kia Sportage кроссоверінде болды. Өйткені оның әсем интерьері мен техникалық мүмкіншілігң кез келген жүргізушіні естен тандырады.

Анвар Ирисматов, «Mercury» дилерлік орталығының сату бөлімі менеджері: «Бұл бесінші буынның су жаңа Kia Sportage автокөлігі екенін атап өткен жөн. Оның қозғалтқышы екі литрлік және екіде бес болып екі нұсқада жабдықталған. 2 литрлік 6 сатылық классикалық автомат қорабымен шықса, ал екі жарым литрлік сәйкесінше 8 сатылы автомат қорабымен ерекшеленеді. Sportage-дің бағасы негізгі конфигурацияда 12 миллион 890 мыңнан басталады, ал толық нұсқасы 18 миллион 890 мың теңге тұрады. Оны қолма-қол ақшаға немесе несиеге де сатып алуға болады. Несиені 20 немесе одан да көп пайыздық мөлшерлемемен береді. Біз Еуразиялық банк, ЦентрКредит Банкі және микроқаржы ұйымдарымен жұмыс істейміз».

Көптеген әуесқой жүргізушілер жаңа Kia моделінің шыққанынан құлағдар болған еді. Ал бұл жолы олар көлікті өз көздерімен көріп, кроссовердің мүмкіндігін бағалауға келген. Mercury қызметкерлернің айтуынша, қазір сатып алушылар арасында КИА Rio-мен қатар 5-ші буын өкілі Sportage да сұранысқа ие. Сондай-ақ автосалон қонақтары жаңа көліктің техникалық сипаттамасы мен сәнді дизайнын ерекше атап өтті.

Айбек Акрамов,  Шымкент қаласының тұрғыны: «Маған көлік қатты ұнады. Дизайны да ерекше. Жастарға да, үлкендерге де айдауға ыңғайлы. Ең қызығы моторы 2,5. Бұл дегеніміз жақсы жүреді деген сөз. Спорттық комплектацияда құралған екен. Маған қатты ұнады».

Салон қызметкерлері көлік сатып алғысы келетіндерге жаңа өнімді іс жүзінде сынақтан өткізіп, қала көшелерінде тест-драйв жүргізуге мүмкіндік берді. Дилерлік орталық өкілдерінің айтуынша автокөлікті сатып алу қиын емес, бірақ бұл модель тез арада таусылып кетпей тұрып, алдын ала тапсырыс беріп қойған дұрыс екен.

«Меркури» автосалонының мекенжайы: Темірлан тас жолы, 205