«Үлкен үмітпен, жарқын болашаққа»: Түлектерге диплом табысталды

92

Шымкент жоғары педагогикалық колледжін биыл 393 түлек тәмамдады. Олардың 38-і үздік диплом иегерлері. Білім ордасы үшін бұл жоғары көрсеткіш, үлкен жетістік,- дейді колледж басшылығы. Түлектердің 13 пайызы білімдерін жоғарғы оқу орындарында жалғастыруды ұйғарса, қалғандары өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Жастар ресурстық орталығында ерекше мерекелік жиын. Қаладағы Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің түлектері бұл күнді ұмытпасы анық. 4 жыл бойы таңдаған мамандықтары бойынша білім алған ұл-қыздарға салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.

Шымкент жоғары педагогикалық колледжін тәмамдаған 393 түлектің 38 үздіктер қатарында. Білім ордасы дайындаған кадлардың 60 пайызы педагогикалық маман иелері, қалғандары экономист, кітапхана, Ай ти мамандары.

Мухиса Асамбаева, Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің түлегі:»Мектепке дейінгі білім беретін маманымын. Оқуымды жалғастырамын. Жұмысымды да істей беремін. Балабақшада кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс істегенді ұнатамын. Арманым орындалды».

Мерекелік шара барысында білім ордасында үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан түлектерге Шымкент жоғары педагогикалық колледжі басшылығының атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты жиында балаларына жақсы тәрбие берген ата аналарға да  қошемет көрсетілді. Олар өз кезегінде білім ордасының ұжымына өз алғыстарын жеткізді:»Сіздердің еңбектеріңіз орасан. Біздің ұл-қыздаоымыздың маман иесі болуына ат салыстыңыздар, үлкен рахмет сіздерге».

Шымкент жоғары педагогикалық колледжі 2004 жылдан бері 4 жарым мың түлекке үлкен өмірге жолдама берді. Олардың 13 пайызы білімдерін одан ары жалғастырса, 85 пайызы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

Гүлнар Ибрагимова, Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің директоры:»400-ге жуық түлеігіміз заңнамаға сәйкес тестте білімдерін дәлелдеді. Енді алған дипломдарымен қалаған жұмыстарына орналаса алады».

Бүгінгі бітіруші түлектер өз болашағына зор сеніммен қарайды. Ендігі міндет – ұшқан ұядан алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі
№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген
Мекенжайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 51 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj