Шымкентте бала электр тогынан зардап шекті

72

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 2022 жылғы 06 тамызда сағат 09.25-те «103» қызметінен электр тогынан соққы алған 2013 жылы туған баланы ауруханаға жатқызу туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Еңбекші ауданы Ерімбетов көшесіндегі көпқабатты үйде болған.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, үйдің подъезіндегі жертөледе бала электр қалқанын ашып, басынан электр жарақатын алған. Электр тогының соққысын алған бала есінен танып қалды.

Балаға «бас терісінің күйігі,3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр»деген диагноз қойылды. Бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Шымкент қ.ТЖ департаменті ескертеді! Құрметті ата-аналар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар, мұқият болып, электр қалқандардың қасында ойнауға рұқсат бермеңіздер!