Жетісайдағы “Күлпаршын” орталық базарының 75 пайызы тазартылды. Тазалау жұмыстары барысында таңға дейін 170-ке жуық жүк көлігі мен 430 тонна қоқыс шығарылды.
Қазіргі таңда облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен базардың жаңа жобасы жасалып жатыр. Сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынады дейді жауаптылар.
Базарды тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді.