Бизнес өкілдерін тексеруге қойылған мораторий шарттары өзгеруі мүмкін. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жауапты ведомство пәтерлерін жалға беріп отырған азаматтарды салық төлеуге міндеттемек.
Әзірге заң бойынша мұндай шаралар қолдануға тыйым салынған. «Бұл саланы нарықтың өзі реттеп отыр. Бірақ жалдамалы пәтерден шығарылған қазақстандықтар құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы», – деді министрі Жамаубаев.
«Егер де заң бұзушылықтар болып жатса, олар міндетті түрде құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазу керек. Жайдан-жай барып ешкім тексеріс жүргізе алмайды. Оны нақты құқық бұзушылық болған кезде ғана тексереді. Өздеріңіз білесіздер, бізде қазір нарықтық қарым-қатынас. Мораторий бар. Шағын және орта бизнесті тексере алмаймыз. Өзіміздің азаматтар ғой көбінесе. Оларды қазір түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, салықты төлеттіруге бар күшімізді саламыз.