Қанттың зауыттағы бағасы 460 теңгеден аспайды

21
фото Қазгазета

Қанттың зауыттағы бағасы 460 теңгеден аспайды. Ол үшін қант зауыттарына 3 айға жететін шикізат сатып алуға бюджеттен ақша бөлінеді. Қазақстанда қазір 4 зауыт жылына 700 мың тонна шекер өндіре алады. Бірақ оны қант қызылшасынан емес, құрақтан жасайды. Ал елде өндіріске қажет шикізат тапшы.

Бір аптадан соң кәсіпкерлердің шотына қаржы түссе, қант құрағын Бразилиядан импорттау жоспарланып отыр. Халық тәтті өнімнің 230 мың тоннасын ғана тұтынады. Тағы 200 мың тонна шекерді шырын өндіруші компаниялар сатып алады.

Кондитерлік өнім өндірушілерге 80 мың тонна қант қажет. Зауыт иелері Сауда және интеграция министрлігінің ұсынысы тез арада іске асса, жыл бойы тауар бағасын көтермеуге келісіп отыр.