Астықты импорттау кезінде ілеспе құжаттарды мемлекеттік кірістер органына ұсыну керек

130

Қазақстанда цифрландыру бағдарламасының іске асырылуы мемлекеттік қызметтерді, тауар айналымындағы құжаттарды рәсімдеуді оңтайландырды. Мәселен астықты импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды электронды түрде толтырылуы тексеру процедурасын жеңілдетіп, нәтижесінде шекарадан өту уақыты едәуір қысқарды.

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеттелгенін еске салады.

Нұртас Өтетілеуов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Тасымалдаушы ЕАЭО елдерінен Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан астықты импорттау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ұсынуы қажет. Электрондық шот -фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүк иесі тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды электронды түрде толтырады. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне тіркелу мен жұмыс жасау тегін».

Тауарларға арналған ілеспе құжаттар толығымен электронды түрде рәсімделетіндіктен, қағаз құжат айналымы болмайды. Нәтижесінде қағазға, принтерлерге жұмсалатын шығындар, қағаз құжаттарын сақтауға арналған мұрағаттарға жеткізуге және ұстауға жұмсалатын шығындар азаяды.

Нұртас Өтетілеуов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының болуы, жүк құжаттарды тексеру процедурасын едәуір жеңілдетеді және ЕАЭО елдермен шекарадан өту қысқартылады.Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардағы мәліметтер жүк құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс, нақты тасымалданған жүк бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ӨР ЭҚБтК 283-1 бабы бойынша әкімшілік айыппүл қарастырылған 20 дан 100 АЕК»

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу мақсатындағы пәрменді шаралардың бірі болып табылады. Себебі жалған жүк алушыларға, банкроттарға және таратылған тұлғаларға ТІЖ ресімдеу мүмкіндігі болмайды,- дейді сала мамандары.