Түркістанда медицинаны цифрландыру мен интеграциялауды дамыту мәселесі талқыланды

45

Түркістанда ТМД-ның Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 35 Кеңесі өтті. Дөңгелек үстел «Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту» тақырыбында ұйымдастырылды.

Жиынға еліміздегі сала мамандарымен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қатысты.

Шара мақсаты аурулардың алдын алу және емханаларды цифрландыру жүйесіне қосудың тиімідігін түсіндіру. Ал елімізде 5,8 мыңнан астам мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерінде медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымы дамыған. Сондай-ақ қазіргі таңда медициналық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ететін eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа «eGov.Densaulyk» бөлімі әзірленіп жатқаны мәлім болды.