2023 жылы Бозарық шағынауданына ауыз су мен көгілдір отын тарту жұмысы аяқталады

48

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда аталған аумақта инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, құрылыс барысын тексерді. Әрі бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді. Алдағы уақытта та нысан қатаң назарда болатынын жеткізді.

Шағынаудандағы бұл тұрғын үйде бүгінде 1,4 шқ электр желісі, 1,2 шқ газ, 1,3 шқ ауыз су құбырлары, 0,8 шқ кәріз жүйесі тартылып жатыр. Қазірге дейін барлық құрылыс жұмысының 30 пайызы орындалды дейді сала жауаптылары. Ал келесі жылы, яғни 2023 жылы ауыз су мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады деген жоспар бар.

Жалпы бұл елдімекендегі жол құрылысы 2020 жылы басталған еді. Ал қазір жұмыстың 50%-ы аяқталған. Қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді деп көзделуде.

Қала әкімі Мұра Әйтенов тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасына көңіл бөлу керек екенін қайталап айтты. Өйткені, халық құрылысы мен инфрақұрылымы сапалы жүргізілген үйге келуі қажет.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әл-ауқатын жақсарту керек екенін айтып келеді. Осыған байланысты жергілікті әкімдік өкілдері барынша тұрғындардың арыз-шағымын ескеріп, оларға жайлы жағдай жасауды басты назарға алған. Егер үй материалдары мен құрылыс жұмыстары сапалы болса, онда тұратын халық біразға дейін шығын шығармайды. Нәтижесінде ел азаматтарның әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

Осыны ескерген шаһар әкімі жауапты басқарма басшыларынан қала салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін талап етті. Алдағы уақытта да барлық нысан қала әкімінің қатаң назарында болады.